«Атырау облысы  Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес 2025-2026 оқу жылына бос және уақытша бос  орындарға білім берудің озық әдіс-тәсілдерін  меңгерген, білімді, мектептің оқу мен оқыту үдерісінің жан-жақты дамуына бар күш-жігерін салатын пән мұғалімдері мен  жас мамандарға төмендегідей бірлік бойынша конкурс жариялайды:

Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады.

✅1.Педагог психолог - 2 бірлік , тұрақты

✅2. Дефектолог- 1 бірлік, (уақытша)

✅3. Бастауыш сынып мұғалімі - 1 маман (оқыту орыс тіліндегі сыныптарға,тұрақты);

✅4. математика пәні мұғалімі - 48 сағат (оқыту орыс тіліндегі сыныптарға,тұрақты);

✅5. Орыс тілі мен әдебиеті- 27 сағат(оқыту орыс тіліндегі сыныптарға,тұрақты);

✅6.Логопед - 0,5 бірлік , тұрақты 

✅7. Педагог профориентатор - 1 бірлік, тұрақты

✅8. Жаратылыстану, география пәні мұғалімі - 16 сағат (оқыту орыс тілінде)

 

Құжаттар  2025 жылдың 25 қыркүйек- 2 қазан аралығында қабылданады;

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген  қабылдау мерзімінде төмендегідей көрсетілген құжаттар тізбесін электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

 

📌1.  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш

📌2. Жеке басын куаландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(сәйкестендіру үшін) 

📌3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса)

📌4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері

📌5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса)

📌6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

📌7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама

📌8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама

📌9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

📌10. Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат

📌11.  12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

📌12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат 

 

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары - еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;

 

🛑Құжаттарды қабылдау уақыты: 25.09.2025-02.10.2025

🛑Конкурс өтетін күні: 06.10.2025

🛑Конкурс «Жалпы білім беретін №21 Ж.Жабаев атындағы орта мектеп» ғимаратында өтеді. Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,  Атырау қаласы, М.Өтемісова 118

Телефон нөмірлері: +77012605450

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.